Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абдель Азиз Аль Саудпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Екі ел басшысы әлемдік нарықтағы мұнайдың қазіргі жай-күйі мен Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылы қазан айында Сауд Арабиясына жасаған ресми сапарындағы келісімдердің орындалу барысы жайлы сөз қозғады. Сауд Арабиясының Королі екі жақты қарым-қатынастың дамуына ерекше мән беретінін, әсіресе Қазақстандағы мұнай мен газды өңдеу жобаларын жүзеге асыруда саудтық  компанияларға тапсырыс беруге ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ Сауд Арабиясының Королі Қазақстан Президентін  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін абыроймен атқарғанын айтып құттықтады. Сөз соңында ел басшылары екі жақты ресми сапарлар санын артыруға сөз байласты. Айта кететіні, сөйлесу бастамасын сауд елі көтерген болатын.

Дереккөз: kazinform.kz

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған