Мектепте смартфондарға тыйым салу керек. Бүгін Сенатта депутат Динар Нөкетаева осы мәселені көтерді.

 

Айта кетейік, сенатор ҚР Премьер-Министрінің атына сауал жолдаған болатын. Сауалда Динар Нөкетаева соңғы кездердегі мектептерде белең алып бара жатқан ұстаздарға деген көзқарас, адами моларьдық қатынас мәселелесін көтереді.

Оның айтуынша, ұстаздарға деген де құрмет ерекше болуы керек.

«Мемлекет мұғалімдерді жан-жақты қолдау шараларын жүргізуде. Елбасының тапсырмасына сәйкес, Үкімет мұғалімнің мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 30 пайызға арттыру туралы қаулы шығарды. Солай болғанымен, қазақстандық ұстаздардың өздері білім беріп жүрген оқушыларынан қысым көруі әділетсіз болып табылып отыр десек артық болмас. Ұстаздарды балағаттау, тіпті қол жұмсау, балалардың тәрбиесіздігіне кінәлау, тағы сол секілді материалдарды БАҚ пен әлеуметтік желілерден көріп жүрміз», - дейді сенатор.

 

 

Сенатор өз сөзінде «қасиетті ұстаз» деген мәртебелі мамандықтың бүгінгі таңда құнсыздануы өкінішті екенін білдірді.

 

«Бүгін ата-аналардың тарапынан балалардың көзінше мұғалімдерге әртүрлі балағат және дөрекі сөздерді қолдану арқылы жас жеткіншектердің өз ұстаздарына жеккөрушілікті туғызып, оларға деген құрметтің төмендеуіне әкеліп соғуда. Мұғалім бейнесі қауқарсыз, құқығы тапталған адамға айналды. Ұстаздарға деген сенімсіздік күннен-күнге, ата-аналардың тарапынан үдемесе бәсеңдеген жоқ. Өйткені, диктофон, фотоаппарат, мобильді телефон қолдану арқылы оқушылар мұғалімдердің беделін түсіріп жатыр», - дейді Динар Нөкетаева.

Осыған байланысты сенатор мектептерде видеокамерасы бар, интернетке қосылған телефондарға тыйым салу керектігін алға тартты.

 

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған