Терроризмді насихаттағаны үшін үш астаналық ұсталды

 ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, күдіктілер таныстарын террористік ұйымдарды қолдауға үгіттеген.

«28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде терроризмді насихаттады деген күдікпен Астана қаласының үш тұрғыны ұсталды. Күдіктілер өздері араласатын ортада халықаралық террористік үйымдарды қолдау мен олардың іс-әрекеттеріне катысу үшін шетелге баруға шақырған» делінген баспасөз баянында.

 Қазіргі таңда ұсталғандарды сұрау, тінту және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сонымен қатар, қылмыстық топпен байланысты өзге де тұлғалардың құқыққа қайшы іс-әрекеттерге қатыстылығы тексерілуде.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту