Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан экс-президентіне психикалық аурудан сауығуын тіледі

 

«Викиликсте АҚШ елшісі Янгтың хабарламасы жарияланған, онда түрік дәрігерлерінің мәліметіне сілтей отырып, Атамбаевтың психикалық ауруы және оның паранойяны қоздыратын алкогольге құштарлығы туралы да айтылған.  Ендеше бәрі түсінікті! Оған деніне саулық тілеуден басқа ештеме қалған жоқ», - деп жазды Сенат спикері твиттердегі парақшасында.

Айта кетерлігі, соңғы уақытта шиеленісе түскен қазақ-қырғыз жағдайы аясында Қырғыз президенті Қазақстан билігіне қатысты кезекті мәлімдеме жасап, оған Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы пікір білдірген болатын. Ол Атамбаевтың мәлімдемесін «Қазақстанға жасалған лас шабуылдан тұратын долы сөздерге»  теңеген еді. Атамбаев та қарап қалмай, лауазымының соңғы күндерінде Қазақстан билігіндегі тұлғаларға қатысты кезекті ойларын айтып салды.

Тоқтала кететін жайт, бүгін 24-қарашада Қырғыз президенті лауазымына Сооронбай Жээнбеков ресми түрде кірісті. Инаугурация рәсіміндегі сөзінде ол қызметке кірісе салысымен Алмазбек Атамбаевқа Қырғыз елінің халық батыры атағын беру туралы жарлыққа қол қоятынын айтқан болатын.   

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту