Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинның жүрегіне операция жасалды

Zakon.kz сайтының жазуына қарағанда бұл мәліметті Парламент төменгі палатасының баспасөз қызметі де растап отыр.

«Үш апта бұрын Астана қаласындағы Республикалық кардиологиялық орталықта Нұрлан Зайруллаұлының жүрегіне ота жасалды. Операция сәтті өтті. Қазір ол медициналық реабилитация процесінен белсенді түрде өтіп жатыр», - делінген баспасөз қызметінен.

Айта кетерлігі, кейбір БАҚ хабарларына қарағанда Мәжіліс спикері үш апта бойы палатаның жалпы отырысына қатыспаған.

ФОТО Парламент

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған