Абай атамыз мына бір фотосуретке 1903 жылы өмірден өтерінен бір жыл бұрын 58 жасында Жидебай ауылында, үй-іші, отбасымен бірге көктем уақыты, мамыр айы­ның бас кезінде, киіз үйдің ішінде түскен екен.

Солдан оңға қарай: бірінші қатарда бөрік киіп отырған қыз бала – Пәкизат. Пәкизаттың басына киіп отырған бөркі бұл күнде Жидебайдағы Абай музей-үйінде экспозицияда тұр. Одан кейінгі отырғандар – Тұрағұл мен Әубәкір. Пәкизат пен Әубәкір екеуі де Ақылбайдың балалары. Абайдың кенже інісі Оспан өзінде бала болма­ғандықтан бұл екеуін де бауырына салып алған.  Екінші қатардағылар – Абай, Ерке­жан және Қамалия. Қамалия – Әубәкірдің әйелі. Бұл кісінің Абай туралы айтқан естеліктері мұ­ражай қорын­да сақтаулы тұр. Ал Еркежан – Оспанның бәй­­бі­шесі. Оны Оспан қайтыс бол­ған­­нан кейін, әмеңгерлік жол­мен 1894 жылы Абай өзі алып, өмі­рі­нің соңғы он жылын Жиде­бай­д­а осы Ерке­жанмен бірге өт­кізген. Үшінші қатарда тұрған – Мағауия. Фотосуретті түпнұсқадан 1959 жылы қайта көшіріп, Абай музе­йіне өткізген – жазушы Мұх­тар Әуезов. Ал түпнұс­қасы Алма­ты­дағы М.Әуезов му­зейін­де сақ­тал­ған. Суреттің кө­лемі – 13 х 23 см, қор кітабын­да 461\542 инвентарға тіркеулі тұр.  Бұл фотосурет көптеген ба­сы­л­ымдарға шығып, та­нымал болды. Қазірдің өзінде сурет­тің көшірмесі Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ұлттық музейінің «Қазақ­­­стан тарихы» залының «ХІХ ғасырдағы ұлылар» экспозициясында көрмеде тұр. 

Қайыржан КҮЗЕМБАЕВ,  Ұлттық музейдің ғылыми қызметкері

Дереккөз: egemen.kz

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған