Алматыда көшеде жалаңаш жүрген әйелдің психикалық аурулар  есебінде тұрғаны анықталды.

 Сейфуллин көшесінде бір әйелдің тырдай жалаңаш күйде кетіп бара жатқаны түсірілген видео Instagram желісіндегі videogram_kaz парақшасында жарияланған болатын.

 Жетісу аудандық ішкі істер басқармасындағылар осы әйел туралы хабар 2017 жылы 13 қарашада шамамен 16:23-те түскенін айтты. "Жол-патрульдік полицейлері әйелдің кім екенін және мән-жайды анықтау үшін ІІБ-ге жеткізді. Тексеру шаралары барысында әйел адам психикалық ауруға шалдыққаны және 2006 жылдан бері Алматы облысының Талғар қаласында есепте тұрғаны анықталды", - дейді ІІБ өкілдері.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту