Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев елдегі жанар-жағармай тапшылығы мәселесі бойынша дер кезінде лайықты шара қолданбағандары үшін ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы Елбасына ұсыныс жасайтындығын және осы министрліктің вице-министрі Әсет Мағауовты жұмыстан босату туралы шешім қабылдағанын жария етті.

Сонымен қатар, бұл қатаң шаралар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-на құрамындағы  «Қазмұнайгаз» АҚ-ның басшыларын да айналып өтпеді. Аталмыш компанияның Басқарма төрағасына өз міндетін дұрыс атқармағандығы үшін сөгіс жарияланса, оның орынбасары Данияр Берлібаевтың өкілеттігі тоқтатылды.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту