Қазақстан жүргізушілері бензин бағасының күрт көтерілуіне наразылық білдіруде.

Бүгінгі таңда Whatsapp желісі арқылы көлік тізгінін ұстаған азаматтарды өз қарсылықтарын білдіруге үндеген келесі ақпарат тарап жатыр:

Бензин бағасының өсуіне бейжай қарамайтын барша азаматтардың назарына!

10-қараша, сағат 12:00-де Қазақстанның барлық автомобилистері жанармай бағасын арзандатуды талап ететін наразылық  Акциясын өткізеді. Сағат 12:00 мен 13:00 аралығында барлық жүргізушілер авариялық сигналды қосып,   тұрған орындарынан қозғалмаймыз. Бұл ақпаратты мейлінше молынан таратуды сұраймыз!

Елімізде біраз уақыт бұрын бензин бағасы қымбаттап, артынша оның тапшылығы сезілген болатын. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев бұл жағдайға кінәлі «кейбір топтардың табысын арттыруға ұмтылысынан» деген пікірде.

«Бұл мәселенің анық-қанығын біліп алу керек, неліктен Алматы мен Астанада жанармай жоқ? Мүмкін бұл жағдай еліміздің басқа да облыстарында орын алып отырған шығар. Менің ойымша, мемлекет халыққа бұл мәселеге не себеп болғанын жасырмай айтуы керек»,- деп М.Әшімбаев өз ойын білдірді.

Мәжіліс Депутатының айтуынша, алдағы сәрсенбіде депутаттар жанармайдың қымбаттауы және оның тапшылығы мәселесін кезекті отырыста талқыламақ.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған