Әлемде 40 млн. адам қазіргі заманғы құлдықта жүр, ал 5 пен 17 жас аралығындағы 152 млн. бала ауыр еңбекке араласуға мәжбүр.

Халықаралық еңбек ұйымы мен Walk Free қорының бірлескен зерттеу нәтижелері осылай дейді.

Осы зерттеулер барысында сондай-ақ әйелдер мен қыздардың құлдыққа түсуі, еріксіз еңбекке тартылу көрсеткіші тым үлкен екені, яғни құлдық құрбандарының жалпы санының 71 пайызын құрайтыны анықталған. Бұл шамамен 29 миллион әйел заты деген сөз. Еркінен тыс еңбекке тартылғандардың  99 пайызы секс индустриясындағы әйелдер болып отыр. Сонымен қатар 15 млн әйел өз ықтиярынсыз күйеуге тиюге мәжбүр болған.

Балалар негізінен ауыл шаруашылығындағы еңбекке араласқан. Олардың үлесі ауыл шаруашылығында 70,9 пайызды, қызмет көрсету саласында 17,1 пайызды, өндірісте 11,9 пайызды құрап отыр.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту