Кеңес өкіметі тарағаннан бері Ресейде екі бала туылса, үш адам өледі

 

Өз-өзіне қол салу, улану, адам өлтіру және түрлі апаттардың көбейгені соншалық, олардан болатын өлімдердің саны жөнінен Ресей соғысты бастан кешірген Сьерра-Леоне, Ангола және Бурунди елдеріндегі өлімдер санымен теңескен. Кеңес өкіметі тарағаннан бері Ресейде екі бала туылса, үш адам өледі. АҚШ кәсіпкерлік институтының профессоры Николас Эберштадттың «Бейбіт уақыттағы Ресейдің демографиялық дағдарысы» атты кітабына сүйене отырып ВВС осылай деп жазады.

«Бұл жәй ғана демографиялық дағдарыс емес, керісінше ұзаққа баратын, адамзат ресурсына көп зиянын тигізетін дағдарыс» дейді Эберштадт. Ғалымның ойынша апаттың белгілерін көре тұра Ресейдің саяси элитасы әлі де оның қаншалықты ауқымды мәселе екенін түсініп отырған жоқ. Америка ғалымдары алдағы жиырма жыл ішінде Ресей халқының жұмысқа жарамсыздығы барлық салада көріне бастайтынына сенімді. Сондай-ақ демографиялық дағдарыстың кесірінен Ресейге әлемдік аренадағы орнын, тіпті саяси және географиялық жағдайларын қайта қарауға тура келеді.

Халықтың бірден азайып кетуіне соңғы 20 жылда туылуға қарағанда өлім саны кәдімгідей басым болып келуі себепші. Бала туу жағынан Ресей мен Батыс Еуропадағы жағдай бірдей. Ал өлім саны жөнінен Ресейдің көрсеткіші Батыс Еуропадан екі есе, бұрын өзімен кеңес блогында болған Шығыс Еуропа елдерінен елу пайыз жоғары.

Өлімнің соншалық көп болуының негізгі бір себебі, жүрек-қан тамырлары ауруларының көбеюі, мұнда Еуропамен салыстырғанда инфаркт, инсульттан көз жұматындар 40 пайызға артық.

Тұрғындарының білім алуға мүмкіндігі аз мемлекеттермен, мысалы Латын Америкасы елдерімен салыстырғанда ресейліктерде денсаулыққа байланысты проблемалар көбірек.

Кремль басшылары осы проблемалрдың ең болмаса аз бөлігін шешуге тырысып жатыр, алайда Ресейдің үлкен мақсат қойып отырған лидерлері әлі жағдайдың қаншалықты қиын екенін түсінбеген сияқты» деп түйеді Николас Эберштадт.

Ал Ресейді көп жылдан бері зерттеп келе жатқан Хадсон институтының аға вице-президенті Эндерс Уимбуш «Шегінерге жол жоқ. Ресейдің бұдан құтылуы екіталай. Бұл жағдай Ресейдің бәсекеге қабілетін төмендетеді» дейді. Оның ойынша жағдай өзгермесе Ресей жойылуы да мүмкін.

Ең басты сұрақ мұндай жағдайда ресейліктер мен олардың басшылары қандай әрекет жасайды және мұны өзге елдер қалай пайдалануы мүмкін деген мәселеге байланысты. Көптеген адамдар, әсіресе білімді, кәсіби деңгейі жоғары, қоныс аударуға бейім ресейліктерді бұл басқа жаққа көшуге итермелейді дейді эксперт. «Айналада білім деңгейі нашарлап, кәсіпорындар дамымай, халықтың әлеуметтік жағдайы түсіп, адамдар бақытсыз боп жатса әрине өзің де ондай жерден кеткің келеді» дей ол. Нәтижесінде Ресейдің әлемдік аренадағы орны түбегейлі өзгереді.

«Жоғарыда айтылған нәрселер орындалатын болса Ресей ең болмаса аймақтық держава ретіндегі орнын сақтап қалады деп те ойламаймын» дейді Уимбуш.

Оның ойынша жағдайды түзету үшін Ресей технологияларды дамытуға күш салуы қажет. Егер Ресей ядролық рынокта белсенділігін арттырса да таң қалуға болмайды. Өйткені, басқа мемлекеттерге ықпалынан айырылған соң, Ресей балансты сақтау үшін барын салады. Бірақ өзге елдер Ресейге лидер немесе одақтағы негізгі әріптес ретінде емес, балансқа ықпалы бар күш ретінде ғана қарайтын болады.

АҚШ пен Еуропаның халықаралық саясат орталығының директоры Фиона Хилл Ресей басшылығының қазіргі көптеген әрекеті демографиядағы проблемаларды шешуге бағытталып отырғанын атап өтті. Әскери реформа, денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы реформа, қайта қарулануға ұмтылу – мұның барлығы демографиялық дағдарысты шешу жолдары дейд дейді ол.

Хиллдың ойынша, осы екі проблеманы шешу жоғарыда айтылған проблемаларды шешуден әлдеқайда қиын. Жұмысқа жарамды адамдар саны азайып бара жатыр. Ал экономиканың тауар және энергия бөлігін әртараптандыру үшін мамандар өте қажет.

Осылайша Ресей басшылығы айтып жүрген модернизацияға қол жеткізу қиындап барады. Қиындықтар жылдан жылға көбейіп жатыр. Алдағы уақытта Ресейдің басшылығына кім келсе де оған оңай болмайды. Оны шешілуі өте күрделі мәселелер күтіп тұр, соның ішіндегі ең қиыны демография мәселесі дейді сарапшы.

 

 

 

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту