Зимбабведе пасторды зорлады деген күдікке ілінген үш қыз қылмыс жасағандарын мойындаған жоқ, «керісінше шіркеу пасторы біз суға түскенде үнемі аңдып жүретін» дегенді айтады

«Зимбабвенің Булавайо қаласында 21 жастағы Сандра Нкубеге, 23 жастағы Риамухетси Млаузи мен 25 жастағы Монгива Мпофуға қатысты сот отырысы өтті. Бойжеткендерге «пастордың басын айналдырып, алдап үйіне кіргізген, сосын күштеп төсекке жатқызып, зорлаған» деген айып тағылуда. Оқиға шілденің 14-інде болды», - деп жазады Daily Mail.

Баспасөздің мәліметіне қарағанда, үш қыз басында шіркеу қызметкерінен қарызға ақша алған. Кейін сол ақшаны қайтарып береміз дегенді сылтауратып үйге шақырған көрінеді. Үйге келген соң қыздардың екеуі пасторды күштеп жатқызып, үшіншісі қорлағаны айтылады.

— Олар жәбірленушіні төсекке жатқызған, сосын шешіндірген. Қыздардың бірі шіркеу қызметкерін қозғалтпайтындай кеудесіне отырып алған, екіншісі аяғынан ұстап тұрды. Ал үшіншісі зорлау әрекеттерін жасаған, — деп түсіндіреді оқиғаның мән-жайы туралы прокурор Петрос Шоко.

Қыздардың қорлығынан құтылған пастор бірден құқық қорғау органы қызметкерлеріне жүгінген. Соған байланысты Сандра, Риамухетси мен Монгива тұтқындалғанымен, соттың алғашқы отырысында-ақ олар бұндай қылмысқа бармағандарын айтуда.

Сот үш қызды 7 тамызға дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарды. Ал бұл аралықта шыркеу қызметкері медициналық тексеруден өтетін болады.

 

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған