Бұл туралы Daily Telegraph хабарлайды.

Сауд Арабиясы футболшылары Австралия құрамасымен іріктеу матчы алдында Лондонда болған жарылыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан бас тартты.  

Оқиға Аделаида қаласындағы Adelaide Oval стадионында болды. Сауд Арабиясы елі футболшыларының біразы қолдарын арқаларына ұстап тұра қалса, енді біразы жаттығуларын жалғастыра берді. Олар ғана емес, қосымша құрам ойыншылары мен бапкерлер де қаза болғандарға құрмет көрсетуден бас тартты.

 

Сауд Арабиясы құрамасының басшылығы футболшыларға мұндай әрекет елдің дәстүрі мен мәдениетіне қарама-қайшы келетінін айтып, ол рәсім басталған кезде өз алаңдарына барып тұруды тапсырған.

Артынан Сауд Арабиясы құрамасы бұл жағдай үшін кешірім сұрады.

Кездесуде 3-2 есебімен Австралия футболшылары жеңді.

 

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту