Қытай инженерлері келешекте әуеде айлап ұшуға қабілетті қанатының құлашы 40 метрге жететін ірі ұшқышсыз аппаратты сынақтан өткізді

, деп хабарлайды popsci.com.

Ұзақ ұшуға аппарат салмағының жеңілдігі себеп болуы мүмкін. Ол әрі қуатты күн батареясынан алады.

CH-T4 дроны 20 шақырым биіктікке көтерілуге қабілетті. Аппарат сағатына 200 шақырым жылдамдықпен ұша алады. Екі қанатты машинаның салмағы корпусына пластика мен көміртекті панелді пайдаланғандықтан, 500 келіден аспайды. 

Ұшақ әскерилерге барлау жүргізуге, ғалымдарға мәлімет жинауға, сондай-ақ шалғай жатқан аймақтарда байланысты қамтамасыз ету жүйесіне  ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Солтүстік Корея кемеге қарсы қолданылатын зымырандар ұшырды

Солтүстік Корея шығыс жағалауына қарай кемеге қарсы бірнеше зымыран ұшырды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Ұшырылған зымырандар Жапон теңізіне құлаған.
«Солтүстік Корея Вонсан ауданынан (шығыс жағалауы) шамамен кемеге қарсы қолданылатын зымырандарды ұшырды», - деп мәлімдеді Оңтүстік Корея штаб басшыларының бірлескен комитеті.

Yonhap агенттігінің деректеріне қарағанда, сынақтан өткізілген қанатты зымыран баллистикалық қару емес. Бұл ақпаратты үкімет көздеріне сілтеме жасай отырып NHK арнасы да растап отыр.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту