Кардифф қаласының (Оңтүстік Уэльс) полициясы адам түрін анықтайтын жүйенің көмегімен алғашқы күдіктіні ұстады

, деп хабарлайды Ars Technica.

Полицияның айтуынша, ер адамды полиция көлігіне орнатылған камера «танып» қойған.

Бұған дейін адамды автоматты түрде танитын алгоритмді камера (AFR) Кардифф темір жол вокзалында орнатылатыны хабарланған. Сондай-ақ осындай бақылау камерасы футбол бұзақыларының жанжалы жиі тіркелетін стадионның айналасына қою көзделгені жария етілді. Өйткені онда 3 маусымда Чемпиондар лигасы өткен болатын.

Қазір AFR мәліметтер қорында Ұлыбритания полициясының айрықша бақылауына іліккен 500 мыңнан астам адамның дерегі бар.

Полиция ұсталған күдіктіге қандай айып тағылғанын әзірге жария етпеді. Белгілісі ол жергілікті тұрғын, әрі футбол матчтарына қатысы жоқ.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту