Түрікменстан президенті Гүрбанғұлы Бердімұхамедов ел тұрғындарына жасалған газ, жарық және суға жеңілдікті алып тастауды тапсырды.

Ол қазіргі жеңілдіктер жүйесін тиімсіз деп танып, оларды алып тастаудың ұсыныстарын дайындауды тапсырды. Бұл туралы түрікмен президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Жеңілдіктер жүйесі бүгінде толықтай тиімсіз болып шыққанын ескере отырып, мемлекет басшысы вице-премьер Бяшимырат Ходжамаммедовке жеңілдіктердің бәрін алып тастау туралы ұсыныс дайындауды тапсырды. Яғни жеңілдіктер бәріне бірдей емес, әлеуметтік көмекке шынымен мұқтаж болып отырғандарға жасалуы керек» делінген хабарламада.

Түрікменстанда тұрғындарға газ, жарық және суды белгілі бір көлемде тегін беру қарастырылған.

Бұдан бұрын да Түрікменстан президенті әлеуметтік жеңілдіктерді бірдін алып тастап отыру керектігін айтқан болатын.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту