Иран парламентінде жанында болған атыста кемі 12 адам өлді, жарақат алғандар көп деп хабарлайды ВВС. Атыс әлі жалғасып жатыр. Белгісіз біреулер бірнеше адамды кепілге алған. Олардың кім екені және неліктен атыс шығарғаны әлі белгісіз. Бірақ Mehr агенттігінің мәліметінше, атыстан сегіз адам зардап шекті. Бірақ агенттіктің дереккөздері Иран қауіпсіздік қызметіндегілердің адамдардың кепілге алынғаны жайлы мәліметті әлі растамағанын айтады. Жергілікті БАҚ-тарда шабуыл жасаған ер адамның қамауға алынғаны хабарланды, бірақ ол мәлімет расталған жоқ. Сондай-ақ, Тегеранның оңтүстігіндегі мазарда атыс болғаны және зардап шеккендердің бар екені хабарланып отыр. 

Түрлі мәліметтерге қарағанда, атыс-шабысты "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы мойнына алған.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған